Skip to content

Құттықтаулар

Республика күні қарсаңында мектебімізде жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Қанатов Заит Каменұлы ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар Республика күні мен Кәсіподақ ұйымы аясында бірқатар ұстаздар еңбегі еленіп, марапаттарға ие болды. Олардың ішінде ұзақ жылдар бойы білім беру саласында абыройлы еңбек еткен Жұмабекова Бақытгүл Өмірбековна зейнеткерлікке шығуына байланысты құрметпен шығарып салынды.
Сондай-ақ, өз қызметінде жоғары нәтиже көрсетіп, ұстаздық еңбегімен үлгі болған Қайпбергенова Самал Аманбаевна Құрмет грамотасымен марапатталды.Іс-шара ұстаздарға деген құрмет пен алғыс сезімін арттырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *